Сертификаттар
Бұл сертификат Серіктестіктің Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 688 бұйрығымен бекітілген келесі қызмет түрлері бойынша мемлекеттік авиацияның авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдардың Сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландырады:
- Су-25 ұшақтарын күрделі жөндеу бойынша қызмет көрсету;
-Ан-72, Ан-74 ұшақтарын регламенттелген жөндеу бойынша қызмет көрсету;
-С-295 ұшақтарын регламенттелген жөндеу бойынша қызмет көрсету;
-С-295 ұшақтарын техникалық сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету.
2019 жылғы 11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Серіктестікке «Ұшақтар мен ғарыш кемелерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету» қызмет түріне арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді Отандық өндіруші болып табылатындығын куәландыратын № 101 9 00045 Өнеркәсіптік сертификаты берілді.
2017 жылғы 29 тамызда «ҚАИ» ЖШС-не авиациялық техника, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, құрамдас өнімдер мен олардың аспабтары, арнайы материалдарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту, жөнге келтіру, жеткізуге қатысты сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын ҚР СТ ISO 9001:2016 (ISO 9001:2015) сәйкестік сертификаты берілді.