Skylark I-LEX ҰҰА құрастыру
«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шеңберінде ҰБҰА құрастыру, өндіру және техникалық қызмет көрсету бойынша Elbit Systems Ltd. компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшарт жасады. Сонымен қатар ҚР аумағында Elbit Systems Ltd. Тауар белгісін пайдалануға айрықша құқықтарды беру туралы лицензиялық келісімге қол қойылды.
Skylark I-LEX - бұл әлемдегі 30-дан астам пайдаланушыларға жеткізілген, жоғары өнімділікпен жұмыс істейтін Skylark I жүйесінің соңғы эволюциясы. Skylark I-LEX-тің керемет мүмкіндіктері Израиль қорғанысы Әскерінің он мыңдаған жауынгерлік ұшулар кезінде жинақталған оперативтік тәжірибесіне негізделген.
Техникалық сипаттамасы:
- Ұшу кезіндегі салмағы: 7,5 кг.
- Жұмыс ұзақтылығы: 3 сағат.
- Сервистік шегі: 4500 метров.
- Әрекет ету қашықтығы: 40 км.
